«Әйелдеріңе жақсы қараңдар, өйткені сендер шын мәнінде оларға жауаптысыңдар. Анық арсыздық жасамайынша (яғни, опасыздық жасамайынша немесе бойсұнудан бас тартпайынша), олармен тек жақсы қарым-қатынаста болуға тиіссіңдер. Сендер үшін бұдан басқа жол жоқ. Егер әйелдерің қандай да бір арсыздыққа барса, олардан бөлек жатып, бір жерін зақымдап алмайтындай етіп ұрыңдар. Егер бойсұнатын болса, оларды басынып, қиянат жасамаңдар. Жұбайларыңның сендердің алдарыңда белгілі міндеттері болғаны секілді, сендердің де олардың алдында атқарар міндеттеріңнің бар екенін ұмытпаңдар. Олардың міндеті – жарына адал болуы және сендер қаламаған адамды босағадан аттатпауы. Ал сендердің міндеттерің – оларды киім-кешек және ас-ауқатпен қамтамасыз ету».
«Сендердің ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың» (Тирмизи, рада 11).
«Расында, Қиямет күні Алла тағаланың алдында отбасылық (әсіресе, жеке қатынастарына қатысты) сырды жария қылған ерлі-зайыптылар ең нашар жағдайда болады».
«Ері мен әйелі бір-біріне сүйіспеншілікпен, мейіріммен қараса, Алла тағала да оларға сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарайды».
«Егер біреудің біреуге сәжде етуін бұйырар болсам, әйелдің еріне сәжде етуін бұйырар едім» (Тирмизи, рада 11).