Сағд ибн Әбу Уаққас (Алла оған разы болсын): «Бірде Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда ол бізден: «Сендердің біреуің әр күні мың жақсылық жасай ала ма?» – деп сұрады.
Біреу: «Бір адам қалайша мың жақсылық жасайды?» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім күніне жүз рет «Субханаллаһ» деп Алланы кемшілік атаулыдан пәктеп дәріптесе, ол үшін мың жақсылық жазылады немес мың жамандық алынып тасталады», – деп жауап берді» – деген (Сахих Муслим).