АҚШ-та тұратын танымал рэп орындаушысы - сириялық мұсылман қыз Муна Хайдар өзінің кезекті бейнебаянын шығарды.
Өзі орындаушы әрі өзі сөзін жазушы қыздың айтуынша, бұл жолғы өлеңі қазіргі өмірде кеңінен тараған кесел – депрессияға ұшыраған жандарға көмек көрсетуге үндеу ретінде шығарылған.
Клиптің желісі мұсылман қыздың өзі қалай депрессиямен күресіп, одан шыққандығына негізделген. Бейне клипте торығудан шығу үшін бес кезеңді бастан өткеру керектігі көрсетілген.
Айта кету керек, мұсылман қыздың клипы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнтті еткен. Рэппердің дарынына сүйсінушілер Муна Хайдардың бойында мұсылман қызға тән діни тағылым мен оның өмір мен шығармашылыққа деген заманауи ыңғайының бар екендігін атап өткен.
asyldin.kz