Өміріне қауіп төнсе де көне христиан қолжазбаларын лаңкестерден сақтап қалған

Өміріне қауіп төнсе де көне христиан қолжазбаларын лаңкестерден сақтап қалған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мосулда өмір сүріп жатқан мұсылман отбасы екі көне христиан қолжазбаларын сақтап қалған.  Егер бұл қолжазбаларды Ресей Федерациясында тыйым салынған ДАИШ лаңкестік топ содырлары тауып алар болса, оның өмірін қиятынын біле тұра оны үйіне жасырған.  

Christianpost баспасының мәліметіне сай, аты-жөні жарияланбаған бұл отбасы қасиетті қолжазбаларды Эрбиль қаласындағы христиан қауымдастығының өкілі Мекко есімді адамға тапсырған екен. Бұл қолжазбалар заңды иесіне қайтарылмайынша, әлгі адамның қолында қала бермек. Негізінде, бұл қолжазбалар Сирия православие шіркеуіне тиесілі болған әрі Мосул монастырьлерінің бірінен шығарып алынған.

Мекко бұл қолжазбалардың табылу тарихын айтып берген. Оның айтуынша, мұсылман үйін жылтып әрі тамақ жасап жеу үшін отын іздеп жүріп, қолжазбаларды қоқыстардың арасынан тауып алған екен. Әлгі адам қағаздардағы жазулардың көне тілде жазылғанын байқап, бұл қағаздар үшін өлім жазасына кесілетінін біле тұра, үйіне әкеліп жасырып қойған.

Айта кетсек, Ирактағы бірнеше үлкен қалалар құлаған кезде, сол қалаларда тұратын христиандардың басым көпшілігі ирактың Күрдістанына қашып, қоныс аударған болатын. Әлгі мұсылман аталмыш қолжазбаны қашып кеткен христиандардың арасында болған бұрынғы көршісі Меккоға әкеліп табыстап, оны сеніп тапсыратын адамды тауып, қолына беруін өтінген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: