БҰҰ никабқа тыйым салуды сынға алды

БҰҰ никабқа тыйым салуды сынға алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция үкіметі екі мұсылман қыз-келіншекке никаб кигені үшін айыппұл салу арқылы адам құқығын бұзған. Мұндай мәлімдеме Адам құқығы жөніндегі БҰҰ Комитетінде жасалған. 

Халықаралық ұйымға 2012 жылы қоғамдық орында никаб киіп жүргені үшін айыпталған Францияның екі тұрғын қыз-келіншегі шағымданған.

Комитеттің мәлімдемесінде көрсетілгендей, аталмыш тыйым салу "арыз берушілердің діни нанымдарын көрсетіп жүруіне өлшеусіз зиян келтірген", ал Франция үкіметі заң жүзінде салынған бұл тыйымның не үшін қажет екенін дұрыстап түсіндірмеген де.

Айта кету керек, Францияда 2010 жылдан бері қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын никаб киюге тыйым салынған.

Құқық бұзушыларға 150 еуро көлемінде айыппұл салынады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: