Құранда Алла тағала: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, Алла оны білуші», - десе, Мұхаммет (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Егер мұсылман бір мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады», деп уәде берген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, «Зекет» қорының Жамбыл облысы бойынша өкілдері Қуанышбеков Қанат пен Сматов Талғат имамдардың ұйымдастыруымен Тараз қаласы, Шөлдала мекеніндегі №59 мектебінің жағдайы төмен және қамқоршысынан айырылған 45 оқушыны қуанту мақсатында жаңа оқу жылына құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табыс етілді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында жалпы демеушілер арқылы 230 000 тенгедей жұмсалды.
Ата-аналар мен мектеп ұжымы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, қуанышты күйде тарқасты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі