ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Алдасаева Гүлжанның бастамасымен және қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті ұстаздарының ұйытқы болуымен мешіт жанындағы сауат ашу курсының әйелдер жамағаты ас мәзірін дайындаудан шеберлік сағаты өтті. Қыркүйек айынан басталған бұл іс-шара айына бір рет өткізіліп тұрады.
Діни ілім үйренумен қатар, тамақ өндірісі бойынша жұмысқа орналасып, нәпақа табуға ықпал етуді мақсат еткен шара барысына арнайы шықыртылған дүнген асханасының шебер аспазшысы қыз-келіншектер дүнген халқының ұлттық тағамы лағман тағамын дайындауды үйретті.
Лағман дәмділігімен танымал болғаны соншалық, бұл күнде қырғыз, өзбек, қазақ асханасынан жиі ұшыратуға болады.
Шеберлік сағаты тек тағам түрлерін жасаумен ғана шектеліп қоймай, Құрна оқумен және уағыз-насихат айтумен жалғасын тапты. Басқосуда қыз-келіншектер өз пайдалы кеңестерімен бөлісті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі