Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бірде біз Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда ол күлді. Сосын бізге: «Не үшін күлгенімді білесіңдер ме?» – деді.
Біз: «Алла және Оның Елшісі біледі», – дедік. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пенденің Раббысымен сөйлескеніне. Ол: «Уа, Раббым! Мені әділетсіздіктен қорғауға уәде бермеп пе едің?» – дейді. (Алла): «Әрине», – дейді.
Ол: «Онда мен ешбір куәнің маған қарсы куәлік беруіне рұқсат етпеймін», – дейді. (Алла): «Бүгін саған қарсы куә ретінде өзің және амалдарыңды жазушы құрметті періштерлер жеткілікті», – дейді. Сосын оның аузына мөр басылады да, дене мүшелеріне: «Сөйлеңдер!» , – делінеді.
Сөйтіп дене мүшелері оның барлық амалдарын айтып береді. Содан кейін оның сөйлеуіне мүмкіндік беріледі. Сонда ол: «Құрыңдаршы әрі! Аулақ кетіңдер! Мен сендер үшін тайталастым ғой», – дейді», – деді», – деген (Сахих Муслим).