Қала имамдары қалалық мешітте бас қосты

Қала имамдары қалалық мешітте бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қала имамдарымен кезекті жиналысын өткізді.

Бас имам күнделікті уағыздардың айтылуын және жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау керектігін еске салды.

Сонымен қатар теріс ағыммен жұмыс, мешіттердің тазалығы, жұмада жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма уағызын үш тілде alsaqr.egs.kz сілтемесі бойынша тыңдауға болатынын хабарлау, облыс көлемінде өтетін қыздар арасындағы Құран жарысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жиналыс соңында имамдар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: