Туыстық қатынас туралы хадистер топтамасы

Туыстық қатынас туралы хадистер топтамасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Туысына игілік істеген адамның күнәлары кешіріледі  

Бірде бір адам Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен үлкен күнә жасап қойдым, тәубе жасауға мүмкіндігім бар ма?» деп сұрайды.  Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің анаң бар ма?» дейді. Ол: «Жоқ» деп еді: «Анаңа жақтан туыс әпкең бар ма?» деп сұрайды. Әлгі кісі: «Иә» дейді. Сонда Алла елшісі  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Олай болса, оған игілік жаса», - деп кеңес айтқан.    (Тирмизи, Хаким).    

2. Туыстарына садақа беруші екі сауап алады  

(Сонда Пайғамбар(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Иә, оған екі сауап бар: туысқанға (қарайласу)сауабы мен садақаның сауабы»,—депті».  (Бұхари)    

3. Туыспен қарым-қатынаста болу – тозақтан құтылып, Жәннатқа кіруге себеп    «Бiр адам: «Иә, Алла Елшісі! Маған Жәннатқа кiруiме себеп болатын амалды айтыңызшы?», – деп өтiнгенде, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жалғыз Алла Тағалаға құлшылық етiп, құлшылығыңда Оған серiк қоспа. Күнiне бес рет намаз оқып, зекет бер. Туыстарыңмен қарым қатынаста бол», – деп бұйырды. (Бұхари, Муслим).    

4. Туыстық қатынасты сақтаушыға Алла Тағала жәрдем береді  

Әбу Һурайра, оған Алланың ризашылығы болсын, былай дейді: Бірде бір адам: Я, Алла Елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен туысқандық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқысы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар болса маған залымдық жасайды, мен оларды сыйлаймын, ал олар болса менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деді. Бұған ол: «Егер жағдай, шынымен-ақ сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлмен толтырып жатырсың, және Алладан саған оларға қарсы көмекші болады!», – деді (Муслим)

«Олардың ауыздарын ыстық күлмен толтырасың» деуі – «сен оларды ыстық күлмен тамақтандырасың» дегені. Сонымен оларға сол істеген күнәләрі үшін жіберілетін жаза, ауызға салынған ыстық күлмен тең болғаны. Және де оларға біреу жақсылық жасағаннан жақсылық жасаушыға ештеңе болмайды, ал олар болса оны ренжіткені үшін үлкен күнәға батады, ал Алла болса бұл туралы жақсырақ біледі.    

5. Туыстық қатынасты сақтаушыны Алла ешқашан қорлыққа ұшыратпайды

(Айша (Алла оған разы болсын) айтады): « Жәбірейілді өз бейнесінде көрген соң қорыққан Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрегі дірілдеп Хадиша бинт Хуайлидтің алдына кіре сала: «Мені орап тастаңдар, мені орап тастаңдар!»—дейді. Олар оны қорқынышы басылғанша орап қояды. Сонан соң Хадишаға: «Мен өзіме қатысты қорқып қалдым» (яғни, маған бірер залал тимесе жарар еді деп),—деп болған уақиғадан хабардар етеді. Сонда Хадиша: «Жоқ, олай емес. Алламен ант етемін! Алла сені ешқашан қор қылмайды, өйткені сен туыстармен жақсы қатысасың, қорғансызды сүйейсің, жоқ-жітікке қарайласасың, қонақты сыйлайсың және өзгелердің құқығының сақталуына жәрдем етесің»,—деп (жауап береді).

6. Туыстарының ішінен жетімді асыраушының дәрежесі  

Әбу Хурайра (оған Алланың ризашылығы болсын), ол Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Туысқандарының ішінен не болмаса басқа адамдардан  жетімді асыраушы, Жәннәтта менімен осы екеуі секілді жақын болады». Осыны айтып, бұл хадисті жеткізуші Мәлик бин Әнас, сұқ саусағымен одан кейінгі саусағының арасын көрсетті (Муслим)    

7. Туыстық қатынасты сақтау – шынайы иманның көрінісі  

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кімАллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кімАллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін» (Муслим, Бұхари)    

8. Туыстар – ата-анадан кейін жақсылық жасауға ең лайықты адамдар  

Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Алла Елшісі! Жақсылық iстегенге кiм лайығырақ?», – деп сұралғанда, ол: «Алдымен әкең мен анаң. Кейiн ағаң мен әпкең. Одан кейiн жақындық дәрежесiне қарай туыстарың. Бұл – мiндеттi нәрсе. Туыстық қатынасты үзбе», – деп жауап берген. (Бұхари).    

9. Туыстық қатынасты ұстаған адамның өмірі ұзақ әрі ризығы мол болады

Сахаба Әнас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын): «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімді ризығының кеңейтілуі немесе өмірінің ұзартылуы қуантса, ол туыстарымен қатыссын» деп айтқанын естідім», - деген. (Бұхари) Бұл хадистің мазмұны Құранда келген: «Сол мерзімі келген кезде, олар бір сәт кешікпейді де, ілгерілемейді» («Аъраф» сүресі, 44-аят) деген аят мағынасына да, адам ұрығы қалыптаса бастағаннан жүз жиырма күн өткен соң періште келіп, оған жан кіргізетіні және оның ризығы мен өмір жасын жазатыны айтылған хадиске де қайшы келмейді. Тәпсірлердің бірінде, жоғарыда келтірілген аятта Алланың білімі туралы айтылғаны көрсетілген, ал, хадисте адамның ең аз ғұмырын жазушы періштеге белгілі нәрсе туралы айтылған. 

Сонымен, мысалы: кісі жақындармен туыстық қатынас жасамаған жағдайда оған алпыс жыл өмір сүру жазылса, ал туыстық қатынасын үзбеген жағдайда оның өмір жасы ұзартылуы мүмкін. Бұл айтылған адамның ризығына да қатысты. Әркімнің ризығы мен өмір жасы Алла Тағалаға әу бастан-ақ белгілі. Сонымен қатар Құран: «Алла қалағанын өшіреді де, (қалағанын) бекітеді. Негізгі кітап* Оның қасында» («Рағыд» сүресі, 39-аят) дейді.

asylarna.kz


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: