Бүгін Қасиетті жұма күні Өрнек ауылдық мешітінде аудан имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Бүліктің қоғамға зардабы» тақырыбында уағыз айтты, уағыз соңында ауыл жамағаттын әрдайым ынтымақта болып, бірлікпен жұмыс жасауға шақырды. Бұдан кейін, Сұлтаншәріп қажы ауыл ақсақалдары мен барша жамағаттың алдында шығып Діни басқарма жүктеген жұмыстарға жауапкершілікпен қараған Өрнек ауылында молдалық қызметті абыроймен атқарған Қ. Наурызбековке өз қолымен иығына шапан жауып, ауылға тағайындалған «Һибатулла Тарази» медресесінің түлегі жаңа имам Төлепберген Бекжанды таныстырды.
Жиынан кейін, бас имам Сұлтаншәріп қажы ел амандығы мен жұрт тыныштығы, бейбіт өмірдің тұрақтылығы, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін Алладан дұға етті.
Әбілда Мейірханов