ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек, іс-басқарушы Қожахметов Халит, бас есепшісі Оразбаева Ұлбосын Меркі ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалары мен алқа мүшелерінің басын қосып, кеңейтілген жиын өткізді.
Жиынның негізгі мақсаты ҚМДБ-ның жергілікті жердегі филиалдарының жұмысының сапасын арттыру, мешітке келуші жамағатпен байланысты күшейту және халық арасында ауызбірлікті арттыру және мешіт алқа мүшелерінің белсенділігін арттыру, сондай-ақ, күрделенген мәселелердің түйінін шешу жолдарын қарастыру, мешіт құжаттарын және есеп-қисап есебін жүргізуді ретке келтіру.
Аудандық «Меркі ата» мешіті