Жақында Тараз қаласының тұрғыны Құлайша Төлепбергенова есімді азаматшаның үйі өртеніп кеткен болатын. Мұқтаждардың қашан да жоғын жоқтап, қайғысын бөлісетін Алла үйінің қызметкерлері бұл жолы да сауапты істен қалыс қалмады.
Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажының тапсырмасымен облыстағы «Зекет» корпоративтік қоры сол өртенген үйден қалған қоқыстарды шығарып беруге арнайы техника жалдап, 8 камаз қоқыс шығарып, тазалап берді. Техниканы жалдауға кеткен 100 мың теңге шығынын қор өкілдігі көтерді.
«Зекет» корпоративтік қорының өкілі Қанат Қуанышбеков осы істің басы-қасында болып, қадағалап отырды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі