Қоғамда күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отырғанын білесіз. Асыл дініміздің өзі адам баласын мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қор өкілдігі және Тараз қаласында орналасқан «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлы бірлесе отырып көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен 100 отбасына арналған қайырымдылық шарасын өткізді.
Көмек ретінде әр отбасына арнап ұн, макарон өнімдері, күріш, 5 л сұйық май, т.б. азық-түлік салынған 50 кг сөмкелер таратылды. Жалпы, осы шарада көмек алған барлық отбасына 870 мың теңге қаражат жұмсалды.
Қуанышқа кенелген мұқтаж жандар осы игі шараны ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын жеткізді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі