Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өтті.
Биылғы жаңа оқу жылына «Һибатулла Тарази» медресесінде білім алуға жалпы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан талапкерлер өтініш білдірген.
Комиссия төрағасы ретінде ҚМДБ-ның діни және кадр дайындау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Марат Жаппасбаев, комиссия мүшесі «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр қажы Жұмабаев және медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы қатысып, талапкерлерден қабылдау емтиханын алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі



18 Қаңтар 2026
29 Раджаб 1447

