Шу қалалық «Жәми» мешітінің жамағаты Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, исламтанушы Стамбакиев Нұржан ұстазбен жүздесті.
Түскі бесін намазына жиналған жамағатқа, жамағат арасындағы ауызбірліктің маңызы, дініміздегі мәзхабтардың айырмашылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ басшыға бағыну, соның ішінде мешіт имамдарына бағынып, бір сапта бой түзеу, сонымен қатар ҚМДБ-ның тәртібіне бағынудың маңыздылығы жайында айтып өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі