Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде әйелдер-қыздар секторы ұстаздарының ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсын бітіруші шәкірттер мақтау қағазымен марапатталды.
Ата-аналар мен шәкірттердің бас қосуымен өткен жиында мешіт имамы Жансақалов Дәулеткелді ата-аналар мен шәкірттерге бала тәрбиесі мен шариғи ілім жайында уағыз айтты.
Сондай ақ, мешіт ұстаздары мешітке оқуға алып келіп, бала тәрбиесінде жақсы жол көрсеткендері үшін ата-аналарға алғыс айтып, дәрістер қыркүйек айында жалғасатынын ескертті.
Шәкірттер ата-аналардың назарына жаттаған тақпақтарын оқып берді. Іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттер көпшілікке екі айлық курстан үзінді ретінде естелік етіп, суреттерден слайд жасап көрсетті.
Жиын соңында үздік шәкірттерге мақтау қағаздары табысталды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі