Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде жазғы сауат ашу курсының екінші кезеңі басталған болатын.
Мешітіміздің ұстазы Алдасаева Гүлжанның ұйымдастыруымен бүгін сауат ашу курсының шәкірт қыздары Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына серуен жасап қайтты. Шәкірттер табиғат аясында көгалға дастархан жайып, қолдан пісірілген тәттілерін ұсынып, естелікке суретке түсті. Отырыс барысында ғибратты әңгімелерден сыр шертіліп, шәкірттер көңілді тарасты. Осылайша, діни дәріс тамаша серуенмен жалғасын тапты.
Мешітімізде тек дәріс беріліп қана қоймай, қаламыздың мәдени ордаларын зиярат етіп, табиғат аясында серуендеу дәстүрге айналған.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі