Ғасырларға тіл қатқан «Аср» сүресі

Ғасырларға тіл қатқан «Аср» сүресі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Кәрімнің үш аяттан тұратын үш сүресінің алғашқысы осы Аср сүресі. Олар Аср, Кәусәр және Наср болып үшеуіде ) ра хәрпімен аяқталған. Дәл сол секілді Аср сүресі Меккеде түсіп үш аяты да (ر) ра хәрпімен аяқталады. Бұл сүре қысқа әрі нұсқа болып мұсхафтағы тізбек бойынша 103-ші сүре болып,Тәкәсур мен Һумәзә сүрелерінің арасында орналасқан.Уақыт Жаратқанның үлкен сыйының бірі әрі бірегейі екенін меңзеген Раббымыз (والله) – деп өз есімімен ант еткен. Сол нығметті тиімді пайдалана алмаған жағдайда зиянға ұшырайтынымызды аталмыш сүре нақты баяндаған. Қып-қысқа тәпсіріне келер болсақ:

سورة العصر

بسم الله الرحمن الرحيم

 والعصر  ان الانسان لفى خسر  الا الذين امنوا وعملوا الصالحات وتواصوا بالحق وتواصوا بالصبر

Мағынасы: Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 «Ьаср замана атымен ант етемін! (1).       

Күдіксіз адам баласы рас зиянда (2).

Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды насихаттағандар басқа (3).»

Ал сөзбе сөз баламаларына үңілсек Ьаср1 жемісті сығып шырынын алу мағынасында. Араптар сығылған сусынды осы түбірден тараған Ьасир сөзімен атайды. Сол секілді бұл сүрені Имам Шафиғи айтқанындай түсінсек Құранның сығындысы деп ұғуымызға болады. Ал Ибн Аббас (р.һ) болса «ғаср дегеніміз даһр2 деген.» Ал даһр болса ұзақ жылдар замана ғасыр дегенге саяды даоның 100 жыл екенін білеміз. Сонымен қатар адам баласы уақытты замананы сөгеді, негізінде وأنا الدهر «Уә Әнәд-даһри» яғни Уә Әнә халиқуд-даһри «Мен сол уақыттың Жаратушысымын»деп хадисте де келеді. Алғашқы мағынаға сүйеніп барлық адамзат атаулының сығындысы қияметтің сыңары біздің үмбет десек болады. Ьаср – екінті яғни аср уақыты деп жорамалдағандар да бар. Бұл үмбеттің ғасыры болса, бір күннің де соңғы бөлігін аср немесе екінті дейміз. Өйткені күндік еңбек маңдай тер ақысы жұмыспен тері сығылып күн соңында есептеліп беріледі.Сонымен қатар ең маңызды мәселе бұл жерде (والله) – деп Аллаһ өз есімімен ант етуінде жатыр. Лафзатуллаһ түсіп «Уәлғаср-и» деп кәсраланып «и» дыбысымен келіп отыр. Бұл дегеніміз терең сырмен қатар сол ант етілгенге және одан соңғы айтылып аталатын істердің аса мән берерлік маңызды екенін білдіреді. Демек көлемі аз болғанмен, айтары маңыздылығын осыдан-ақ түсінеміз. Сондықтан мұны терең түсінген имам Шафиъи (р.һ.) «Егер Құран осы сүреден тұратын болса, адамзат үшін жеткілікті болар еді деген-ді.»Екінті мен ақшам арасы сол күннің соңғы сәттері екені атап өттік.  Қиямет қайым жап-жақын6,  ақырғы заман мен егіз туылдым7 деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздің заманымыз дүниенің соңы, сонымен қатар Жаратқанның соңғы жарлығы Құран бізге аманат8етілді. Сонымен қоса адам баласының үш буын нәсілі - ата, әке мен бала - осы бір ғасырда өмір сүру үрдісін жалғап өтеді.

Иннә - арап тілі граматикасында күшейтпелі мағына үшін келеді. Осы аятта Иннә мен қатар Ләмқуаттама хәрпі де келіп екі жақтап мағынаны күшейтіп әкеткенін көреміз. Ескерер жағдай біреуі келседе мағына жеткілікті күшейер еді, бірақ Раббымыз екі күшейту хәрпін қатар келтірген, тағы қайталап айтсақ Аллаһ өз есімімен ант етіп бастағнын қоссақ күшейту үшеу болып отыр.

Әл-инсәән – Адам баласы яғни белгілі адамзат Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбеті біз, осы үмбеттің алдыңғылары мен соңғылары. Жалпы и-н-с хәрпімен құралған бұл сөзұмыту мен қоса шүйіркелесіптілтабысыпбауырмаластықжасапқоғамқұрыпөмірсүругебейімдеген деген мағыналарға да саяды.

Лә – Ләм хәрпі күшейтпелі мағынаны қуаттайды.

Фи – да-де, та-те және зиян ішінде.

 Хуср –  зиян, құрдымға ұшыраушы 10.

Иллә – текқана, бірақта мыналардан басқасы мағыналарында.

Әлләзинә – ған, ген, сондай-ақ әрі төмендегі иман келтіргенмен ізгі амалдар жасаған әрі хаққпен сабырға үгіттегендерге исм маусыл болыпкеледі.

Әмәнүү – иман келтіру, ету, сену.

Уә – және немесе мен.

Ғаамилус-салихат – ізгі және игі істер, намаз ораза зекет садақа инфақ қажылық әділдік қысқасы жақсылық атаулының барлық түрі, үлкені де кішісі де, осылардан да түпкі мағынасы қоғамға пайдалы істің түгелі.11

Тәуәәсау – үгіттеу, насихаттау, үндеу және шақыру.

Би –бан-бен, пан-пен бола тұра осы жерде қа-ке, ға-ге деп ауысқан.

Әл-хаққ – ақиқат шындық, жақсылықтың барлығын, иманды және Аллаға құлдықты үгіттеу.

Уәтәуәәсау – жоғарыда ашықталды. Қайталауда қуаттау, күшейтуді білдіреді.

Бис-сабр – сабыр шыдам әрі төзімге үгіттеу.  Сабр сөзінің үш түрлі сөз алды жалғауларына (хәрпі жәрр) байланысты мағынасыда өзгереді.

(على) мен келсе «қам-қайғы, пәле қалаға сабыр ету»,

( عن) мен келсе «Ақиқат жолында күресу, сабырлылық таныту»,

(ل) мен келсе «құлшылық, хаққ, жақсылық әрі әділдікте төзімділік көрсету».12

Осы аятта болса (ب)13 сөз алды жалғауыменен келгендіктен жоғарыдағы үш мағынаның үшеуінде толық қамтып кетеді.

Ал «сабр» сөзі ана тілімізге әбден сабыр болып қалыптасып тастай батып судай сіңіп кеткені талассыз сөз.

Ал бұл сүренің қамтыған мағынасы осы мен ғана шектелмейтіні басқа сан қыры бар екені даусыз.

Енді аяттарға бүтіндей мән берсеңіз имансыз+ізгі амалдарсыз+үгіт насихатсыз+сабырсызнәтиже болмайтынын әрі адам баласының оларсыз зиянда болатынын түсінеміз.

Керісінше қарасақ сабырсыз насихат, насихатсыз ізгі игі амалдар, ізгі игі амалдарсыз иман бола алмайтынында шығара аламыз. Осылардың парқына терең бойлаған имам Шафиъи әлемге әйгілі сөзін орынды-ақ айтқанын тағы бір мәрте түсіне аламыз. Ал бұны бәзбіреулер иман мен амал ажырамас бір бүтін екендігіне міне дәлел деп «жерден жеті қоян тапқандай» жар салып жүрмесін. Ол тақырып ақида кітаптарында кеңінен талқыланған. Яғни осы тақылеттес аяттардың иман мен амал бір екендігіне тікелей дәлел еместігі жайында.

Тоқығанымызды топтап бердік, бұл бәрін қамтыды деген сөз емес. Құранның әрбір аяты, сөзі тіпті әрібі толған тұмса сыр екені өзінде аталып өткен. Ұлы Раббымыз санамызды сара жолынан адастырмасын! Еліміз еңселі, халқымыз белсенді, қызымыз ибалы, ұлымыз иманды болғай!

 

 mazhab.kz

 

Сілтемелер:

1         Мұхаммед бин Әли әл-Фәюми, Әл-Мисбахул-Мунир, 214 бет, Бәйрут 1997.

2         Тәфсиру Бахрил-Мұхит, 8, 509 б. (Муттафақун ъалайһ)

3         Мәждуддин Мұхаммед ибн Яғқуб әл-Фәйруз Әбәди, әл-Қамусул-Мұхит, 395 б, Бәйрут 2005.

4         Бұхари, Мүслим.

5         Мұхаммед Әли Ас-Сабуни, Сафуәәтит-Тәфәәсир, 1542 бет, Бәйрут 2004

6         Қ.ңыз: Ахзаф сүресі 63 – аят.

7         Бұхари, Мүслим.

8         Ахзаф сүресі, 72 – аят

9         Иннә мен Ләм хәрпі жаррлері.

10     Зиянда зиянға ұшыраушы, құрдымға кетуші.

11     Әбул Әғлә Мәудуди, Тәфһимул-Құран, 7 том, 227 б.

12     Баъдул-Әфъаалил-Мустахдәмәти Бил-Хуруфи, Селжұқ Акедемиясы, Кония, Белгілеу             дәптерден, 2006 ж.

13     Аср сүресі, 3 – аят. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: