«...Біліп алғайсың! Баланың тəрбиесі – маңызды істердің бірі. Перзент ата-анаға аманат. Баланың жүрегі пəк, нəзік, аңқау жəне ешбір нақыш салынбаған таза гауһар тасы сияқты. Жүрекке қандай ою-өрнек салынса, ол соған ұқсап пішінделеді, оны иген тарапқа қарай иіледі. Егер бала жақсылыққа үйреніп, жақсылықты əдеттенсе, дүние мен ақыретте бақытын табады. Əрине, бұл сауапқа оның ата-анасы жəне тəрбиешісі мен оған тəлім берген адамдар бөленеді. Егер балаға көңіл бөлінбей шетте қалып қойса, жамандықтың ортасында өссе, бақыт сыздыққа душар болып, құрып кетеді. Бұл жағдайда күнəнің ауыртпалығы оны осы күйге түсіргендер мен ата-ананың мойнына артылады. Алла Тағала былай деп айтқан: «Ей, мүминдер! Өздеріңді əрі үй- іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар» (Тахрим: 6).
Əке перзентін дүние отынан (азабы мен машақатынан) қаншалық сақтаса, ақырет отынан да сонша сақтауы лазым. Тəрбие жолында көркем мінездің, қасиеттерін үйрету жəне жамандықтан қайтару, бұзық құрбы-құрдастардан қорғау, жеңіл өмірге əдеттендірмеу, байлыққа махаббатын оятпау арқылы əке перзентін тозақ отынан сақтайды. Егер бала дүние құмарлығына бой алдырса, мəңгілік тұңғиыққа кетті деген сөз.
Перзент дүниеге келген алғашқы күндерінен бастап, күзет қамқорлыққа алынуы тиіс. Сондай-ақ шақалақты емізу жəне тəрбиелеу ісін тек діндар əрі таза əйелге сеніп тапсырылуы мүмкін. Себебі, харамнан шыққан сүтте береке жоқ. Егер ол сүттен сəбиге берсе, онда сəбидің қанына харам араласып, баланың табиғаты харамға икемді тұрады. Жақсы-жаманды ажырату түйсігі балада көріне бастаған сайын оның бақылауын да күшейте түсу керек. Мұның əуелгі белгісі, балада ұят қасиетінің бастапқы нышанының көріне бастауы. Себебі, баланың тартыншақтауы ұялу емес, бəлкім ақылдың нұры түсіп, бала кейбір істердің басқаларға қарама-қарсы екенін көреді, жаман деп таныған істерін жасаудан ұяла бастайды.
Бұл Алла Тағаланың оған берген сыны, мінезінің пəктігінен жүрегінің сол тазалағынан тура шыққан қуанышты белгі жəне ақылының кемелдікке жетіп жатқандығынан сүйінші хабар десе болады. ƏбуХамидəл-Ғазали– ислам хаққында көп тер төккен ірі теологтардың бірі. Ислам əлемінде Əл-Ғазалиді «Зейнуддин»(діннің əшекейі), «Ужубату аз-заман» (уақытталабы) жəне «Хужат əл-ислам» (ислам айғағы) деп атаған. Ғалымның мінез-құлыққа қатысты жазған мəшһүр еңбектерінің бірі – бес томнан құралған «Ихия-у Улум əд-Дин» (Дін туралы білімдердің қайтажандануы). Бұл кітап əлем жаратылысынан бастап, адамның дүниеге келу мақсаты мен міндеті, қарым-қатынас əдебі, адам бойында болуы тиіс барлық адамгершілік құндылықтарды қамтиды. Сіздердің назарларыңызға осы еңбектің ішінен бала тəрбиесіне қатысты тақырыптан үзінді беріп отырмыз.
Тәрбие-тамақішуденбасталады
Ұяты бар баланы, қамқорсыз тастауға болмайды. Керісінше, оған ұят əдебін үйрету арқылы жəрдем көрсеткен дұрыс. Көп жағдайда баланың бойында тамаққа ашкөзбен ұмтылу сезімі басым. Бұл кезде тəрбие тамақ ішу əдебінен басталады. Мысалы, тамақты оң қолмен алу, «бисмиллəһ» сөзімен бастау, тамаққа үлкендерден бұрын қол созбау, тамақты тек өзінің алдынан алу, тамақ жеп отырған адамның ауызына қарай бермеу, тамақты шашпау, жақсылап шайнап жеу, тамақты обығып жемеу, жеп отырған асты киімге тамызбау. Кейбір кезде қосымша тəттілерсіз құрғақ нан мен қара шайды ішуге үйрету.
Сондай-ақ, балаға шектен тыс тамақ жеу жаман əдет екендігі, бұл əдеттің төрт аяқты жануарларға тəн ерекшелік екені, əдепті бала тамақты кем жейтіні, барға қанағат қылу, тамаққа қарап мұрын шүйірмеу айтылса бұл да – тəрбие. Баланы түрлі-түсті жəне жібектен тігілген киімдерге емес, əдеттегі ақ түсті киімдерге деген қалауын тудыру қажет. Түрлі-түсті жібек киімдер əйелдерге тəн кенін, ер кісіге мұндай нəрселер жараспайтыны туралы түсіндіріп үйретіледі. Баланы үлде мен бүлдеге оранған, қымбат бағалы киімдер киіп өскен балалардан сақтап, рахат өмір қалауын оятатын нəрселермен араласуына абай болған жөн.
Себебі, өсіп келе жатқан баланы қараусыз қалдырса, бұл көп жағдайда мінездің бұзылуына мұрындық болады. Əйтпесе бала есейгенше өтірікші, іштар, ұры, шағымданғыш, ұшқалақ, күлекеш, айлакер, сараң сияқты жағымсыз қасиетті адамға айналуы мүмкін. Бұлардан сақтанудың жолы–көркем тəрбие, мектептегі дəріспен машғұл болу, Құран мен хадис тəлімін алу. Ізгі адам мен олардың өмірі туралы айтылған хикаялар баланың жүрегінде оларға деген махаббаты оятады.
Баланы ессіз махаббат жəне ғашықтық кейіпкерлері айтылған өлеңдерден, мұндай өлеңдер адам жанын нəзіктікке тəрбиелейді деп ойлайтын шайырлардың арасында қалып қоюынан сақтау лазым. Себебі, бұл нəрселер баланың жүрегіне бұзықтық дəнегін себеді. Баланың, бойынан көркем мінез, мақтауға тұрарлық бір əрекет байқалса, оны құрметпен бағалау, көңілін қуандыратын нəрсемен жігерлендіру, көпшілік арасында бұл əрекетті көрсету өте қажет. Кейбір кезде бір рет көркем мінезге теріс қылық жасап қалса, оны көрмегенсіп өту дұрысырақ. Себебі, бала мұндай жағдайда артығырақ жазаға тартылса, жаза оған кері əсер етіп, айыбының ашылып қалуына үйреніп, қателікке жігерлі болып қалуы мүмкін.
Абыройлық-алудаемес, беруде
Егер бала сіз өтірік байқамаған теріс қылықты тағы қайталаса, онда оған жалғыз қалғанда ескертіп, бұл істің салдары жаман болатынын айтып түсіндіресіз. Алайда, ескертемін деп артық кетпеген жөн. Əйтпесе, баланың құлағы қатты сөздерге үйреніп, айтқан ізгі насихаттар жүрекке жетпейтін болып қалуы əбден мүмкін. Бала тəрбиесінде ересекетердің айтқан сөздері өте маңызды. Сондықтан ата-ана сөйлеген уақытта ойланып, сөздерін електен өткізеді. Ал ана өз кезегінде баланы «əкеңе айтам» деген шектеу сөздермен баласын жаман əрекеттерден тиып отырады. Сондай-ақ баланы күн шыққаннан кейінгі ұйқыдан қайтармақ керек. Себебі, күндізгі ұйқы жалқаулықты туғызады. Ал кешке ерте ұйықтау пайдалырақ. Төсекті өте жұмсақ қылу, бала ағзаларының қатаюын кемітеді. Семіздік–тамаққа тəбет ашады, сабырсыздықты шақырады. Сол себепті баланы қаттырақ төсекке, қарапайымырақ, киімге, кəдуілгі тамаққа
Баланы қалайтәрбиелегенжөн?
Жақсы-жаманды ажырату түйсігі балада көріне бастаған сайын оның бақылауын да күшейте түсу керек. Мұның əуелгі белгісі, балада ұят қасиетінің бастапқы нышанының көріне бастауы. Себебі, баланың тартыншақтауы ұялу емес, бəлкім ақылдың нұры түсіп, бала кейбір істердің басқаларға қарама-қарсы екенін көреді, жаман деп таныған істерін жасаудан ұяла бастайды. Бұл Алла Тағаланың оған берген сыны, мінезінің пəктігінен жүрегінің сол тазалағынан тура шыққан қуанышты белгі жəне ақылының кемелдікке жетіп жатқандығынан сүйінші хабар десе болады. үйрету тəлімі кешіктіруге əсте болмайтын істердің қатарына жатады. Бала не нəрсені жасырын қылса, бұл оның мұны жаман іс деп білгенінің дəлелі. Демек, балаға əрбір істі ашық көрсетіп, үйрету уəжіб. Кейбір кезде жалқаулықты жою үшін ертелеп түрлі жаттығулар жасалады. Киімінің алдын ашып, қолдарын жан-жаққа лақтырып жүру əдепке сай емес екендігін бала білсін. Əке-шешесінің заттарымен немесе тамақ, қымбат бағалы киімдерімен мектеп құрал-саймандарымен құрдастарының алдында мақтануы, жаман мінез. Керісінше, бала өз достарына кішіпейілдік құрметпен қатынас қылуға əдеттенуі, сөйлескенде мейірімді, əрі жұмсақ болғаны дұрыс. Егер балалар оған бір нəрсе берсе, оны өзі үшін құрмет деп білсе де, затты алуға əдеттенбеген дұрыс.
Себебі, абыройлық–алуда емес, беруде. Алып үйрену жаман əдет. Мұнда ұят пен арсыздық бар. Бұл бала кедейдің баласы болса да басқалардан бір нəрсені алу əдеті–жаман қасиет. Алуды қалап тұру немесе дəмету–қорлық бұл, иттің қылығына ұқсайды: ит бір үзім нанды алуы үшін үнемі мүлəйімсіп қарап, құйрығымен билеп тұрады. Балалардың алтын немесе күмісті жақсы көруі, оны қалап тұруы да жаман қылықтың санатынан. Негізінде, бұл нəрседен жылан мен шаяннан қорыққан сияқты қатты сақтану лазым. Алтын мен күмісті жақсы көру, баланың келешекте құлға айналуына ықпал етуі мүмкін. Алтын мен күміске деген махаббатың зияндығы, удың кесірінен де қауіпті. Көпшіліктің ортасында түкіру, мұрын тастау, есінеу, біреуге арқа сүйеп отыру, аяқты айқастырып отыру, қолмен иекті тіреу де əдепсіз қылықтар. Бала сұхбаттасу қағидаларынан хабар- дар болуы керек. Балақай көп сөйлеудің тəрбиесіздікке жататынын жəне олай жаман балалар істейтінін əрі олай жасаған бала «бəдік» атанатынын білсін. Рас немесе өтірік айтса да бала жастайынан ант суын ішіп сөйлеуге үйреніп қалмасын. Сөзді бірінші бастамасын, қойылған сұраққа жауап берсін. Сұхбаттасушы өзінен үлкен болса, оны тыңдасын.
Себебі, сөйлесуші адамның сөзімен ортақтасып, «əдепсіз бала» атанғаннан гөрі, тыңдаушы болған абзал. Əдепті бала өзінен үлкендерге орын береді, пайдасыз сөздер сөйлемейді, басқаны сөкпейді, лағынет те айтпай- ды. Баланы бос əңгімені жақсы көретін адамдар мен араластырмау қажет. Расында тəрбиенің мəні–баланы жаман мінез мұхитына түсіп кетпеуден сақтап қалу. Егер ұстаз баланы нұқып немесе соғып қалса, бала дереу айқай-шу көтермесін немесе басқадан қамқорлық күтпесін, қайта сабыр қылсын. Мұны да бала жақсы білуі тиіс. Балаға сабырлық таныту ер жүрек батырлардың ісі, айқай-шу салу əлсіз əрі əйелдердің қылығы екені түсіндірілсін. Балаға дəрістен соң шаршағанын басу үшін жақсы ойындарға рұқсат беріледі.
Алайда, діңкесі құрығанша онымен əуес болуы дұрыс емес. Сол сияқты, баланы барлық ойыннан мақұрым етіп, тек тəлімге мəжбүрлеу де жөн емес. Мұндай ауыртпалық жас жүректі өлтіреді, талғамды өшіреді, өмірден түңілуіне ұйытқы болады. Əйтпесе, балақай сəті келген орайда тəлім-тəрбиеден қашып кетуі үшін айла іздестіру мəжбүрінде қалуы ғажап емес. Сол сияқты, балақай əкеге, мұғалімге, өзінен жасы үлкен адамға, тəрбиешіге бойсұнуды, оларды құрметтеуді, олардың алдында кез келген ойынды доғару керек екенін білуі тиіс. Бала жақсы-жаманды ажыратқан сайын дəрет пен намазды тəрік қылу үзірі жойыла бастайды. Рамазан айында толық болмағанымен, кейбір күндерде ораза ұстауға бұйырылады. Жібек киім киюіне, алтын сақина жəне алтын бұйымдарды тағуына тиым салынады. Жалпы айтқанда ер балаға шариғаттың аумағында қажеті түсетін барлық нəрселерді үйрету қажет.
Əрбір бала Ислам табиғатындатуылады...
Балаларды ұрлық, харам, қиянат, өтірік сияқты т.б. бұзық əрекеттерден сақтандырған жөн. Бала ержеткен сайын, денесіне сəйкес жақсы азықтанады. Бірақ ас ішуден мақсат – баршамызды жаратқан Алла Тағалаға итағат ету үшін күш алу. Дүние, негізгі тұрақталатын жер емес, себебі, мұнда мəңгілік жоқ. Өлім, дүние нығметін тоқтатады. Дүние, бар болғаны мəңгі өмірге апаратын өткел. Ал ақырет, уақытша тұрақтайтын орын емес, мəңгілік жер.
Өлім – тосыннан келіп қалуы мүмкін құбылыс. Бұл дүниеде ақыреті үшін өз азығын жиған адам шын ақылды. Алла Тағаланың қасында мұндай адамның дəрежесі үлкен, жəннаттағы несібесі де мол деп түсіндіріледі. Егер баланың өсіп-жетілуі жақсы болса, онда бұл сөз ол балиғат жасына келген- де пайдалы, əсерлі болары анық. Берілген тəлім оның жүрегінде тасқа түскен ою нақышы сияқты терең ізін қалдырады. Егер баланың ер жетуі керісінше қиын болса, онда ол ойын-сауыққа беріледі, бұзық істерге бейімделеді, тамаққа ашкөздік танытып, киім киісте оның зейнеттену мен мақтаншақтық сияқты қасиеттерге құмарлығы оянады. Сөйте келе, жүрек ақиқатты қабылдамайтын болып қалады. Бала тəрбиесінде, көңіл мейлінше кемімеуі тиіс, əсіресе, бастапқы кезде. Өйткені, бала табиғатынан жақсыны да, жаманды да сіңіріп алуға икемді тұрады. Ата-анасы оған осы екі тараптың біріне, яғни, жақсы немесе жаман тараптардың біріне шығуына себеп. Пайғамбар(ОғанАлланыңигілігіменсәлеміболсын) былай деген: «Əрбір балаисламтабиғатындатуылады. Ата- анасыоныңяһудинемесенасрани (христиан) якиболмасамəжуси (отқатабынушы) қылады»...
Араб тілінен аударған
Гүлнар Жаладинқызы