ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен «Ислам және отбасы» жылына орай және айт мерекесі құрметіне Қордай ауданының дін қызметкерлері «Мейірімділік шуағы» науқаны қолға алған болатын.
Іс-шара ұйымдастырушы бас имам Дәуренбек Жандосұлы, науқанның мақсаты осы Рамазан айында бір мұқтаж отбасының үлкен зәрулігін шешіп беру, көмек алған отбасы жадында Рамазан жайлы жылы сезім мен жақсы ой қалыптастыру деп түйіндеді.
Міне осы іс-шара барысында «Бетқайнар» ауылдық мешітінің имамы Жиенбаев Нұрлан демеушілер көмегімен мұқтаж отбасына, сауынды сиыр бұзауымен табыс етсе, «Кенен» ауылдық мешітінің имамы науқанға қолдау жасап, мұқтаж отбасыға тана малын сыйға тартты. Әлбетте қасиетті айдағы аталмыш көмек, ұзақ мерзімге жасалынған іс екенін түсінген отбасылар өз қуаныштарын жасыра алмады.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі