Ораза айт мерекесінің құрметіне және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бекіткен «Ислам және отбасы» жылына орай аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Д.Жандосұлы ұйымдастыруымен мүгедек, жалғыз басты 4 баланың анасына көмек көрсетілді.
Аталмыш отбасының үйіне қысқы жылу маусымына дайындық жүргізілді. Алғашқы кезде жаңа газ пеш сатып алынса, ендігі жолы толық жылыту жүйесі жаңартылуда.
Демеушілердің көмегімен іске асқан игі іс үшін отбасының алғысы шексіз.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі