ҚМДБ-ның тапсырысына орай, қасиетті Рамазан айында мұсылманның міндетті бес парызының бірі зекет берудің маңыздылығы жайында, ауданға қарасты елді-мекендегі мешіттерде 25-мамыр күні жұма уағызында «Зекет бер: берекетін көр, ырысың молайсын» тақырыбында өтті.
Ауызашар жиынында, халық көп шоғырланған жерлерде «Зекет» мәселесі жайында уағыздар да айтылуда.
Орталық «Меркі ата» мешітінде Зекет қорының реквизиті, зекет шарттары және нисаб көрсетілген мәліметтер баннер түрінде ілінді. Мұндай мәліметтер ауыл мешіттерінде де көрсетілген.
Орталық мешіттің арнайы шақыруымен жағдайы бар кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басын қосып мәміле жасап, үндеу жарияланып, бүктеме қағазшалар таратылуда.
«Зекет» мәселесі жайында үгіт-насихат іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.
«Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі