Зекет – байлықтың қорғаны

Зекет – байлықтың қорғаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хасан әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды.

Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді. Сол уақыттар христиан саудагердің жақын досы Мысырға саудамен жол тартқан еді. Екеуі бірге сау- да жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуендермен жасалатындықтан жол бойы қарақшылардың қармағына түсіп қалу қаупі жоқ емес. Христиан ішінен былай деп ойлады: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен берген зекеттен досым қарақшылар құрығынан аман- есен келеді, онда мен де мұсылмандықты қабылдаймын.

Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған болса, онда менің досымның саудасы жол бойы қарақшылардың талан-таражына түседі, онда мен де қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін». Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келеді.

Хатта керуеннің қарақшыларға тап болып, бар дүние-мүліктен айрылғаны жазылыпты. Хаттың бас жағын оқи сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп, жолға жиналмақ болды. Бірақ артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар мал-байлықты ту-талапай жасағанда, мен керуеннің соңында едім. Маған ештеңе болған жоқ. Бар мал-байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен келе жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып қаламын» деген сәлемдемесін алады.

Бұдан кейін Пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан саудагердің зәредей де шүбәсі қалмайды. Дереу Ақиық елшінің алдында тізе бүккен күйі: – О, Расулаллаһ, – дейді, – маған исламды түсіндір, иманға келейін.

Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясын- да адамзаттың ең тұнық бастауы мұсылманшылықты қуана қабылдайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: