Некедегі куәгердің қызметі

Некедегі куәгердің қызметі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Үйлену кезінде куәнің атқаратын қызметі – үйленуге қатысты ұсыныс пен мақұлдауды есту және түсіну. Сондықтан куәлардың бір жерде бірге болулары қажет. Бөлек жерлерде, яки бір жерде болумен қатар бірінің артынан бірі үйлену қалауларына куә болғандардың куәліктері жарамсыз болып табылады.

Куәде қажетті ерекешеліктер

Бірінші: Куәнің ақыл есі түзу, балиғат жасына жеткен болуы. Ақыл есі жарым, жас бала куәлік жасай алмайды.

Екінші: Куәлардың екі ер, яки бір еркек, екі әйел болуы қажет. Жалғыз куәмен неке жүзеге аспайды. Хадисте «Бір заңды өкілі (уәли) және екі әділ куәсіз неке болмайды». Бұл Әбу Ханифа мәзһабы бойынша. Ал имам Шафиғи бойынша, некеде де екі куәнің ер болуы қажет. Ханбали мен мәликилерде осылай. Ханафилерде бір ер мен екі әйел куә бола алады.

Әйелдердің куәлықтары қылмыскерді жазаға тарту сотында ғана ұмыту және аңғалдықтары мүмкін болғандықтан қабыл етілмейді. Ал некеде әйелдің ұмытшақтықтары кері әсерін тигізбейді.

Үшінші. Куәлар азат болуы тиіс. Ханбалилерден тыс көпшілігі куәлардың азат болуын айтады. Ханбалиларда құл басқа хақтар туралы куә болу- мен қатар, некеде де куә бола алады. Өйткені бұған тыйым салған аят пен хадис жоқ.

Төртінші. Мұсылман болуы. Екі жақта да мұсылман болған некеде екі куәнің демұсылман болуы туралы ауызбірлік бар. Өйткені кәпірлердің куәлік етуге құқы жоқ. Әбу Ханифа және Әбу Жүсіп екі жақ, яки әйел ғана әһлі кітаптан (христиан, яһуди) болса куәлар әһлі кітаптан бола алады.

Бесінші. Ғұламалардың көпшіліктерінің көзқарастарына қарай неке қияр кезінде көру қабілеті шарт болмай есту және түсіну қабілетінің болуы шарт дейді. Сондықтан куәнің некедегі сөздерді түсінуі қажет. Өйткені куәнің мақсаты осы. Болмаса куә мұны сөз салу, құда түсу деп ойлауы мүмкін.

Алтыншы: Куәлар үйленетін адамның туыстарынан бола алады. Ата-ана, ата-әже, ерлі-зайыптылардың балалары мен қыздары жоғарыда айтылған ерекшеліктері болса куә бола алады. Бірақ Әбу Ханифа мәзһабынан тыс осы туыстарының бірі заңды өкілі ретінде некеге қатысатын болса онда ол куәға жатпайды.

Жетінші: Ханафилер бойынша куәлардың әділ бо- луы шарт емес. Екі пасық куәнің куәлігі жетіп жатыр. Өйткені пасық заңды өкіл болуға лайық. Ханафилерден тыс көпшілікке қарай пасықтың куәлігімен неке дұрыс болмайды. Хадисте: «бір уәли және екі әділ куә болмайынша, неке болмайды»- деп айтылған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: