Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Жыл сайын Рамазан айы бойы жамағатқа тегін ауызашар ұйымдастырып келе жатқан орталық мешіттегі берекелі дастарханның биылғы жылы ауқымы кеңейген болатын.
Алла разылығы үшін таңнның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жемнен, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен шыдамын шыңдай түскен жамағат ақшам намазынан соң мешіт асханасында бас қосып, мүбәрак айдың берекелі дастарханына жайғасты.
Бұл үрдіс Рамазан айы бойы жалғасатын болады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі