«Һибатулла Тарази» мешітінде әр аптаның сенбі күндері әйел жамағатына уағыз жүргізу үрдісі біраз уақыттан бері жалғасып келе жатқаны белгілі.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы «әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен сенбілік уағыз өтті.
Кездесуде «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек «Құран Кәрімнің қасиеті» тақырыбында уағыз жүргізді.
Мешітіміздің наиб имамы Амреев Бақтияр «Құлшылықта ықыласты болу» тақырыбында уағыз айтса, мешіт ұстазы Үсенова Зейнеп «Достық» туралы насихат жүргізді.
Үш тақырып та әйелдер жамағатына үлкен әсер сыйлады.
Нәзік жандылар көкейкесті сауалдарын қойып, дін мамандарынан тұшымды жауаптар алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі