Мұсылманның сақтауы тиіс үш түрлі сабыр

Мұсылманның сақтауы тиіс үш түрлі сабыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe» (2:153).

Мұсылман баласы қиыншылық пен ауыртпалықтар Алланың сынағы екендігіне шексіз сенім білдіреді. Алла Тағаланың біздің пешенемізге жазғаны біз үшін қайырлы болып табылады. Ол тек сабырлық пен қажымастық танытатындарды ғана сыйға бөлейді. Дүрлігу мен сабырсыздық Алла Тағаланың жазмышын болдырмай қоя алмайды. Разы болмай әрі наразылық таныту сабырға қарама-қайшы болып келеді. Тек Алла Тағала ғана бізді кез-келген зұлымдықтан қорғап, тек Ол ғана біздің ауыртпалығымызды жеңілдетіндігіне кәміл сенеміз. Сол себепті сабыр – мүміннің ажырамас қасиеті, иманның жартысы болып табылады.

Алла Тағала сабырлық танытатындарға сый уәде еткен:

«Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!» (2:155).

«Әлбетте сендерден жауынгерлер мен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз» (47:31).

«Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді» (2:45).

Қасиетті Құранда сабыр – мүміннің басты қасиеті деп айтылған.

«Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Алла жолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқану тілеушілер, (таң намазын оқушылар,)» (3:17).

Алла Тағала сабыр мен кешірім Оның жазмышы әрі оны орындағандар ешқашан шығынға ұшырамайды деген:

«Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы» (42:43).

Құранда сабырлы мүміндер үшін берілетін көптеген сыйлар айтылған. Алла Тағала «Һуд» сүресінде бақытсыздыққа ұшырағанда сабырлық танытатындарға берілетін сый туралы:

«Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшін жарылқау және зор сауап бар», - деген (11:11).

«Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар» (3:200).

«Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер» (23:111).

Исламдағы сабырдың түрлері:

1. Алла Тағаланың ұйғарымдарына бойұсынуда сабырлық таныту: намаз, зекет және т.б.

«Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді» (2:45).

2. Алла Тағалаға бойсұнуда сабырлық таныту: спиртті ішімдік ішу, зина.

«Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді» (12:90).

3. Алла Тағаланың жазмышына сабырлық таныту: туған-туыстардың өлімі, бақытсыздық, қиыншылық.

«Егер сендерге бір игілік жетсе, оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян қылмайды. Күдіксіз Алла (Т.) олардың не істегендерін толық біледі» (3:120).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: