Шағбан айының құрметіне Кенен ауылдық мешітінің имамы Саят Рахимовтың ұйымдастыруымен «Жақыныңа жәрдемдес» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен 10 жанұяға азық-түлік үлестірілді. Оның ішінде ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, қант өнімдері бар. Кенендік жомарт азаматтардың материалдық тұрғыдан көрсеткен жылу жәрдемі жергілікті әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына табысталды.
Мәрт мінезді кәсіпкерлерге алғысын жеткізген ауыл имамы Рахимов Саят жиылған жамағатты қашанда жақсылық жолында жарысуға үндеді.
«Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі