Серпін берген сенбілік

Серпін берген сенбілік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда кімді алып қарасақ та, кез-келген адам өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі.

Алла үйінің ажары кіріп, тазалығы артып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Осы орайда, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Тазалық иманның жартысы» атты тазалық іс-шарасын ұйымдастырды.

Мешіт қызметкерлері мен медресе шәкірттері ұйымшылдық танытып, бұл сенбілікке әдеттегідей белсене қатысты. Мешіт ауласы тегіс тырмаланып, үйінді қоқыстар сыртқа шығарылды. Ағаш түптері, жол жиегі әктелді.

Өкіл имам Данияр қажы Әлимұхаммедұлы сенбілікке қатысушыларға тазалықтың маңызын, бірлесе жұмыс атқарудың нәтижесінде ұжымның да бірлігі арта түсетіндігін тілге тиек етті.

Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Сәуірдің шуақты күні де жанға жылу сыйлап, сенбіліктің серпінді өтуіне үлес қосқандай болды.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: