Әлемдегі ең көне Құран көрмеге қойылады

Әлемдегі ең көне Құран көрмеге қойылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәуір айының 19-жұлдызында Дубай қаласында өтетін көрме аясында әлемдегі ең көне Құрандардың бірі жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Көрменің басты жәдігері Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің кітапханасынан табылған «Бирмингем Құраны» болмақ.

«Бирмингем Құраны Ислам тарихы мен мұсылмандар мұрасы үшін өте құнды дүние болып табылады. Бұл жәдігердің Бирмингем университетінен табылғанын мақтанышпен айтамыз», – дейді университеттің вице-канцлері Дэвид Иствуд.

Айта кетейік, құнды жәдігер бұған дейін былтырғы жылы Шардж әмірлігінде ұйымдастырылған көрме аясында көрсетілген болатын. Қасиетті қолжазбаны көруге ол кезде 25 000 жан кезекке тұрған еді. Тарихи жәдігерді тамашалағандардың қатарында БАӘ-нің премьер-министрі, Дубай әмірі Мухаммед бин Рашид әл-Мақтум да болған.

Ақпарат muslim.kz сайтынан алынды  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: