Үстіміздегі жылдың сәуір айының 13-ші мен 15-і аралығында Мәскеуде Wandi Ramadan Bazar тұжырымдамалық маркет өткізіледі.
Аталмыш халал фестиваль алда келе жатқан Қасиетті Рамазан айына арналатын болады. Бұл іс-шараға ондаған мұсылман өнімдерін өндіретін Ресейдің және шетелдің, атап айтқанда, БАӘ, Сауд Арабиясының, Катардың, Түркияның, Сирияның, Бельгияның, Марокконың және т.б. елдердің өндірушілері қатысады.
Фестиваль меймандары арнайы Рамазан айына арналып шығарылған мұсылман қыз-келіншектердің дизайнерлік киім топтамасымен, халал косметикамен, әтірмен, өнер бұйымдарымен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдар мен аксессуарлармен таныса алады.
Сонымен қатар, фестивальді ұйымдастырушылар меймандарға мұсылман елдерінің дәстүрлі тағамдарын, соның ішінде, сирияның тәттілерін, өзбектің палауын және қолдан жасалған шоколад ұсынатын болады.
asyldin.kz