Сүннет бойынша қарыздардан құтылудың жеті амалы

Сүннет бойынша қарыздардан құтылудың жеті амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптеген адамдар өмірдің кей кезеңдерінде қаржылық берешек жағдайына тап болады. Бұл ешкімге де жағымды емес, бірақ солай болады. Әрине, бұл жерде пайыздарымен және дінге қарама-қайшы келетін мақсаттарға жұмсалатын несиелер меңзеліп отырған жоқ.

Төменде Сүннетке сай қарыз ауыртпалығынан тезірек құтылудың жеті жолы келтіріледі:

Қарыздардан тезірек құтылу үшін айтылатын дұға.

Сахаба Әнас (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) әр намаз соңында (сәлем берудің алдында) қарыздардан пана сұрайтынын келтірген. Неліктен мұны жиі жасайтынын сұрағанда, Алла Елшісі (ﷺ) былай жауап берген екен: «Адам қарыз алғанда, өтірік айта бастайды және өз уәделерін бұзады».

Дұғасының сөздері келесідей еді: «Уа, Алла, күнә мен қарыздардан Сенің қорғауыңды сұраймын».

2. Алла Елшісі (ﷺ) Муаз ибн Жабалға (р.а.) қарыздарынан құтылу үшін келесі дұғаны үйреткен: «Уа, Алла, Сен құдіретке иесің. Сен қалағаныңа билік бересің әрі қалағаныңнан оны аласың және де Сен қалағаныңды құрметке бөлейсің. Бар нығмет Сенің қолыңда. Расында, Сен кез-келген нәрседен мықтысың. Сен күнге өтетін түнді жараттың, түнге өтетін күнді жараттың. Сен жансыздан жанды жасайсың әрі қалағаныңды жансыздандырасың. Және де Сен қалағаныңа шексіз ризық пен байлық сыйлайсың. Уа, осы және келесі дүниенің Қайырымдысы, Сен Өз Мейіріміңді қалағаныңа беріп, қалағаныңнан аласың. Өзіңнің билігіңнен басқа кез-келген биліктен мені тәуелсіз ететін мейіріміңді маған төкші».

Алла Елшісі (ﷺ) сосын Муазға (р.а.) былай айтқан: «Егер сен осы дұғаны оқысаң, сен қарыздарыңнан құтыласың тіпті егер қарызың Ухуд тауының көлеміндей болса да» (Әл-Муджаму с-сагыр, Маджмау з-зауаид, 10 т, 186 б. қараңыз).

Хафиз әл-Хайтами (р.а.) осы хабарламаны жеткізгендерді сенімді деп санаған, ал әлим Мунзири (р.а.) осы хадистің иснадын жақсы деп тапқан (Маджмау з-зауаид, 10 т, 186 б., Таргыб, 2 т, 614 б.). Басқа риуаятта Алла Елшісі (ﷺ) осыған ұқсас дұғаны Әбу Бәкірге (р.а.) үйреткендігі келтірілген (Мустадрак Хаким, 1 т, 515 б.).

Ибн Аби Шейбаның риуаятында Абдулла ибн Сабит Алла Елшісінің (ﷺ) келесі сөздерді өзі оқып, оған үлкен мән бергендігі келтірген (Шейх Аууаманың Маджаллис Ибн Насируддинге ескертпесін, 201 б. қараңыз): «Аллахумма фариджаль хамми кашифаль ғамми муджиба да’атиль мудтарин, Рахмана д-дунья уәл-ахырати уа Рахимахума ирхамниль йаума Рахматан уәси’әтан туғнинибиха ‘ар Рахмати ман сиуак».

3. Әли (р.а.) оған Алла Елшісінің (ﷺ) келесі дұғаны қарыздардан құтылу үшін кеңес бергенін айтқан: «Аллахумак фини би халяликә ән харамик уә ағнини би фадликә әммән сиуак».

«Уа, Алла, маған рұқсат етілген ризық беріп әрі тыйым салынғаннан сақташы. Және де Өз мейіріміңмен Өзіңнің билігіңнен басқаның бәрінен тәуелсіздік сыйлашы». (Сунан Тирмизи – имам Тирмизи (р.а.) оның иснадын сенімді деп айтқан – хадис 3563).

4. Әбу Дәудтың Сунанында жазылған риуаятта Әбу Саид (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) ансарларға (Мәдине сахабаларына) үлкен қарыздарынан құтылу үшін келесі дұғаны үйреткендігін айтқан: «Аллахуммә инни әғузубикә минәл хамми уәл-хазан, уә әғузубикә минәл-аджзи уәл-кәсл, уә әғузубикә минәл-джубни уә бухл, уә әғузубикә мин ғаләбати д-даин уә кахрир-риджәл».

«Уа, Алла, уайым мен қиындықтардан Саған сыйынамын, қабілетсіздік пен жалқаулықтан Саған сыйынамын, қорқақтық пен сараңдықтан Саған сыйынамын, қарыздардың көптігінен және (басқа) адамның жәбірінен Саған сыйынамын». (Әбу Дәуд, хадис 1550).

Бұл дұғаны таңертең және кешке оқу ұсынылған.

5. Келесі дұғаны жиі айтып жүріңіздер:

«Лә хаулә уә лә қууата иллә биЛЛәһ».

«Алладан басқа ешкімде күш те, құдірет те жоқ».

(Сунан Тирмизи, Мустадрак Хаким, Таргыб, 2 т, 444 пен 617 б. қараңыз).

6. Көбірек истиғфар (жарылқау тілеу) айту қаржылық және басқа да мәселелерден құтылудың жолы болып табылады.  Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім бұлжытпай истиғфарды («Астағфирулла» деген сөздері бар дұға) қайталаса, Алла оның әрбір қиындығын жеңілдететіп, кез-келген мазасыздығын сейілтеді және ол күтпеген жерден Алла оған ризық нәсіп етеді». (Сунан Аби Дауд, хадис: 1513. Имам Хаким бұл риуаятты сенімді (сахих) деп санаған, Тарғиб, 2 т, 617 б.).

7. Ең бастысы – шынайы ниетте болу барлық қарыздарыңызды төлеуге көмектеседі әрі сол үшін барлық күш-жігеріңізді жұмсаңыз. Кімде-кім шынайы түрде қарыздарынан құтылғысы келсе, оларға хадисте Алланың көмегі уәде етіледі. (Сахих Бұхари, хадис: 2387, сондай-ақ, Тарғиб, 2 т, 598 б. қараңыз).

Алла Тағала бізді барлық қарыздардан сақтасын. Әмин!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: