Тақуа Мәриәмның оқиғасы

Тақуа Мәриәмның оқиғасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Баяғы заманда Имран есімді еркекке тұрмысқа шыққан Ханна деген әйел өмір сүрген екен. Олар Алланың шынайы құлдары әрі көркем жұп болған. Бір күні Ханна аяғының ауыр екенін біледі. Сонда ол ерекше дұға айтып, осы жаңа туатын нәрестені Алла Тағаланың жолында қызмет етуге арнайтынын білдіреді.

Ханна мен Имранның Мәриәм есімді қыздары дүниеге келеді. Алла әйелдің дұғасын қабыл алып, оның қызы сұлу, шыншыл әрі тақуа болып өседі. Мәриәмның ағасы Зәкәрия еврейлердің синагогінде дін қызметшісі болып қызмет істеген. Балауса қыздың өмірі Жаратушыға арналғанынан бастап, Зәкәрия оған қамқор бола бастайды.

Бір күні ол Мәриәмның бөлмесінде көп тамақ барын көріп қалады. Мұны көріп, ол таңғалады, өйткені оған өзінен басқа ешкім тамақ әкелмейтін. Зәкәрия мұнша тамақтың қайдан келгендігін сұрайды, сонда Мәриәм: «Өзінің жаратқандарының бәріне қорек беретін Алладан», - деп жауап береді.

Мәриәм ержеткенде, жалғыз болу үшін, бірнеше күнге отбасынан кетіп қалады. Сол уақытын ол Алла туралы ойлаумен өткізеді. Осыған дейін Алла Тағала оған бір періштені жіберген еді, алғашында ол қорқып қалғанымен де, артынан мынаны естиді: «Мен саған қуанышты хабар ала келдім: жуырда сенің сәбиің дүниеге келеді. Бұл таңдаулы бала болады әрі оның есімі — Ғиса. Ол Алланың пайғамбары болады және күллі әлемдегі адамдар арасында сыйлы болады. Ғиса сәби кезінен бастап сөйлей алатын болады».

Мәриәмның төбесіне тас түскендей болады әрі ұялып қалады. Менің күйеуім жоқ, бала қайдан пайда болмақ деп ол періштеден сұрайды. Ал періште болса: «Алла бәрін Өз қалауы бойынша жаратады. Ол барлық нәрсені жоспарлағанда, Оған тек «Бол!» деп айту ғана жеткілікті және ойға алынған дүние іске асады». Осыны айтып періште ғайып болады.

Мәриәм үйіне қайтып келіп, қажетті киім-кешектерін алып, сәби Ғисаны өмірге әкелуі үшін қаладан кетіп қалады. Оның жағдайын ешкім түсінбейтінін «әрі некесіз бала табудың» үлкен айыптауға әкеліп соғатынын ол білді.

Бірнеше ай өткен соң, босану уақыты таяғанда Мәриәм қатты ауыра бастайды. Көлеңке түсіріп тұрған бір пальманы байқап, ыстық күннен соның көлеңкесін паналауды ойлайды. Пальманың көлеңкесіне жата кетеді де, жалғыз шөл далада сәбиді өмірге әкелудің қандай қиын екені туралы толғанады. Мәриям мұңға батып кеткені сондай, сол сәтте бұл дүниеге мүлде келмесем етті деп ойлап қалады.

Сол кезде Мәриәмға мынадай дауыс естіледі: «Мұңайма, Жаратушы сенің бейнетіңді жеңілдету үшін, таза мөлдір суы бар бұлақ дайындап қойды».

Мәриәм жан-жағына қарап, расымен де қайнар бұлақты көреді. Денесін жуып, шөлін қандырады. Содан кейін бағанағы дауыс оған пальма діңгегін сілкуді бұйырады. Мәриям солай жасағанда жерге жаңа піскен құрмалар түседі. Құрмаларды жеген соң, оның ауырғаны біраз басылады.

Дауыс Мәриәмға ешкіммен сөйлеспеуге сөз беруіне бұйырады. Ол сөз береді. Содан кейін дүниеге Ғиса келеді. Сәбиін қолына алып, Мәриәм қайтадан қалаға оралады. Көп ай өткен соң жас әйелді көрген адамдар шулай бастайды. Олар оны күйеуге шықпай, күнә жасап, жолдан бала тапты деп ойлайды. Ашулы топ Мәриәмды тақуа ата-ананың лайықты қызы емессің деп жазғыра бастайды.

Мәриәм өзінің күнәсіз екендігін бәріне жайып салғысы келеді, бірақ Аллаға берген сөзінде тұрып, тіл қатпайды. Ол тек іштей Алланың жәрдем беруін тілейді. Адамдар оны мазақ ете басайды, сонда Мәриәм қолындағы сәбиін жиылған қалың жұртқа көрсетеді. Олар болса: «Жаңа туған сәбимен біз қалай сөйлеспекпіз?», - деп шулай жөнеледі.

Ғиса адамдарға мұқият қарап алып, былай деп айтады: «Мен – Алланың қызметшісімін. Ол маған құрмет көрсетіп, мені пайғамбар етіп таңдады. Ол маған көптеген нығметтер дарытқан. Мен бұл өмірге бейбітшілік әкелу үшін келгенмін».

Осыдан кейін тыныштық орнайды. Адамдар бір ғажаптың болғанын әрі Ғиса өмірге келген сәтінен бастап расымен Алла Тағаланың елшісі екендігін түсінеді. Алланың қалауымен бұл пайғамбар кереметтер жасап, дұрыс жолды көрсетуге тырысады.

Міне, ең тақуа әйелдердің бірі — Мәриәмның және оның ұлының дүниеге келу тарихы осындай. Ол өмірін Аллаға қызмет етумен өткізген, ал Алла оны адамдардан қорғап, көптеген қиындықтарды жеңуге көмектескен. Мәриямға Алла Тағаланың рақымы болсын. Әмин!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: