Мешітте сенбілік жұмысы жүргізілді

Мешітте сенбілік жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының ұйымдастыруымен мешіттің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.  

Сенбілікте мешіт қызметкерлері мен жамағаты бірлесе жұмыс атқарып,  мешіт ауласын толықтай тазаалап, өсіп кеткен ағаштардың бұтақтары кесілді. Ағаш отырғызу науқаны басталған кезде жас тал, ағаштары мен гүлдер отырғызылатын болады.

Мешіттің ауласында автокөлік тұратын орындар кеңейтілді. Мешіттің ішіндегі кілемдер толық жуылып, кептірілді.

Мешіт жамағаты асарлатып, ішкі сыртқы тазалықтар толық жасалды. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз сенбілікке қатысқан барша жамағатқа өз алғысын білдіріп, ақсақалдарымыз батасын берді.

«Байзақ баба»  мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: