Қордай ауданының бас имамы жылдық жоспар бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулер легін жалғастыруда. Кезекті кездесу Степное ауыл тұрғындарымен, жастарымен өтті.
Кездесуде ата дініміздің құндылықтары жайлы мәнді де маңызды сұхбат өрбіді. Ата дінімізді бұрмалап көрсетіп отырған, дінді бейне бір құбыжық етіп көрсетуге ықпал етіп жүрген теріс ағымдардың іс-әрекеттері де кездесу барысында айтылды.
Сонымен қатар Дәуренбек Жандосұлы Ислам дінінің өте жеңіл дін екендігі, дінді жетік түсіну қажеттілігін және де Отанды қорғау, ата-ананы құрметтеу, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, мейірімділікке шақыру – барлығымыздың басты міндетіміз екеніне назар аударды.
Жиынға қатысушылар тарапынан дін қызметкерлеріне сұрақтар қойылып, баршасына жауап қайтарылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі