Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Жұмағұл Қанат жиылған жамағатты осындай кең-байтақ жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге мұра етіп қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етуге, дұға жасап, алғыс атуға шақырды. Себебі, ғұламаларымыз «Адамға алғысы болмағанның Аллаға шүкіршілігі болмайды», - деп айтып кеткен.
Жиын соңында жүздеген жылдар бойғы тарихи оқиғалар, ашаршылық, қуғын-сүргінде жазықсыз жазаланған ата-бабаларымыздың рухына арналып қасиетті Құран толық оқылып бағышталды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі