Имамдармен өзекті мәселелер талқыланды

Имамдармен өзекті мәселелер талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы мешіт имамдарымен кезекті жиналыс өтті. Жиналыс барысында қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру мақсатында облыстық орталық мешітте аудан және қала имамдарының жиналысында бірауыздан қабылданған мәселелерді жеткізді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ұсынысымен 2018 жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жариялауына байланысты, қалада Исламдағы отбасы құндылықтарын ауқымды түрде насихаттау тапсырылды.

Сондай-ақ көктемгі тазалық ақтау, сырлау жұмыстарын қолға алып, мешіт аулаларына көгалдандыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Қалада жастар ісін жандандыру мақсатында жастар ісі бойынша өкілі болып «Айтқұл баба» мешітінің найб имамы Нармұханов Бахтияр бекітілді. Жастар ісі бойынша бірнеше нақты тапсырмалар беріліп, ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша Шу қаласында "әйелдер-қыздар секторын ашу мәселесі сөз болды.

Халықтың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру, қала мешіттерінде түскі және кешкі уағыз насихаттарды тұрақты жүргізу, сондай-ақ имамдардың негізгі міндеттерінің бірі жамағатпен тығыз байланыста болу тапсырылды.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: