Бүгін ауданымыздың бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Ақыртөбе ауылдық мешітінде ауыл ақсақалдарыменжаназа және жерлеу мәселесіне қатысты ысырапшылдыққа, бәсекелестікке жол бермеу жөнінде кездесу өткізді.
Ақыртөбе ауылдық мешітінде келелі басқосуды осы кездесуді ұйымдастарушы мешіт молдасы БатырНүрпейсов ашып, бас имам Сұлтаншәріп қажыға сөз берді.
Бас имам тарапынан айтылған ұсыныс аудан жұртшылығы тарапынан қолдау тапқандай болды. Сонымен қатар, жаназа төңірегіндегі алып қашпа әңгімелерді де реттеу қажет екенін және ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты пәтуа кітабын әр ауыл мешіттеріне үлестірілгенін де айтып өтті.
Шариғат барша мұсылманға ортақ, жаназа пәтуасы ел мұсылмандарына ортақ ереже. Сондықтан ҚМДБ бекіткен пәтуа бойынша жерлеу рәсімдерін атқару, бірізділікке түсіру қажеттігін түсіндірді. Ақсақалдар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Жиналыс соңында ақсақалдар бас имамға алғыстарын айтып, тарқасты.
Әбілда Мейірханов, зейнеткер