Үндістан мемлекетінің бас мүфтиі Ариф Касми үндістандық мұсылмандардың ұялы телефон қоңырауларына Құран аяттарын, азан дауысын, араб тіліндегі дұғалар мен діни мәтіндік сөздер қоюларына тиым салды.
Бас мүфти бұл тиымына қатысты адам баласы дәретханада немесе қолайсыз бір жерлерде болғанда ұялы телефон қоңырауында Құран аяттарының, азан дауысының, араб тіліндегі дұғалардың дауысы шығып тұруы Ислам дініне деген құрметсіздік болып табылады, сонымен қатар, Құран аяттары оқылып жатқан кезде телефонды бірден өшіріп тастау Құранға деген құрметсіздікке алып келеді деп жауап берді.
asyldin.kz