Діни жат ағымдармен күресу үшін арнайы оқулықтар шығаруды ұсынды

Діни жат ағымдармен күресу үшін арнайы оқулықтар шығаруды ұсынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астанада өтіп жатқан Еуразия мұсылмандары форумында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жат діни ағымдардың идеологиясына төтеп беру үшін бірнеше тілде оқулықтар шығаруды ұсынды. 

Алдымен бас мүфти Ислам діні Еуразия мұсылмандары арасында қарахандықтар кезеңінде таралып, Алтын орда дәуірінде нақты орнағанын атап өтті.

Мәуереннаһр мен Анадолы, Каспий мен Еділ бойында жаңа Түркі ислам өркениетінің негізі қаланды. Демек, біздің діни рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған, ортақ тарихымыз бен мәдениетіміз бар. Олай болса, сырттан келіп жатқан тасқындарға төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандары мәдени және рухани интеграцияны жандандыруымыз керек. Біз өзіміздің төл діни тұлғаларымыздың өнегелерін дәріптеуіміз керек. Яғни тұлғатану ізденістерін жүргізіп, бірнеше тілде ортақ христоматиялар мен оқулықтар шығару қажет деп санаймын. Сондай-ақ ортақ тұлғалардың жыл сайын дәстүрлі оқуларын жүйелі түрде ұйымдастырғанымыз абзал», - деді Серікбай қажы Ораз форумда.

Осы орайда ол «Қазақстанда» ас-Сығанақи, «әл-Итқали» мен «Абай оқуларын», Қырғызстанда «Сарахси» мен «Әл-Уший оқуларын», Өзбекстанда «Дабуси» мен «Насафи оқуларын», Татарстан мен Башқұртстанда «Шағабуддин Маржани» мен «Баруди оқуларын» өткізуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл игі шарадан жастар мол тағылым алады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: