Түркия президенті 6 жасар қызға құрметті жерлеу рәсімін өткізуге уәде берді

Түркия президенті 6 жасар қызға құрметті жерлеу рәсімін өткізуге уәде берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түрік көшбасшысы Режеп Ердоған кадет училищесінің 6 жасар тәрбиеленушісіне егер ол Отан үшін қаза табатын болса, оған құрметті жерлеу рәсімін өткізуге уәде берді.  Ол Кахраманмараш қаласында өтіп жатқан партия конференциясы кезінде үстіне арнайы операция Күштері әскери қызметкерінің киімін киіп жылап тұрған кішкене қызды байқап қалып, осылай жұбатқан.

«Мына жерде кімнің тұрғанын қараңдар! Қызым-ау, сен бұл жерде не істеп жүрсің?» – деп сұрайды Ердоған.  Біздің күрең береттілер ғой бұл, бірақ күрең береттілер ешқашан жыламайды», – дейді мемлекет басшысы.   Күрең беретті қыз түрік көшбасшысының қасына таяғанда, ол кішкене қыздың бетінен сүйіп, сөзін әрі жалғастырды: «Оның қалтасында Түркияның туы бар. Егер ол қаза болса, Алланың қалауы бойынша, оған осы туды жабады».

Содан кейін президент қайтадан қызға қарап: «Өз елің үшін бәріне де дайынсың ба?» - деп сұрады. Қыз басын изегенде, президент қайтадан оның бетінен сүйіп, өз орнына қарай жіберді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: