Сауд Арабиядағы дін мамандарының бірі Исламды ұстанатын қыз-келіншектердің өз туған-туыстарының қабіріне баруға рұқсат ететін пікірді қолдаған. Шейх Салех әл-Магамиси, Құба мешітінің имамы Twitter әлеуметтік желісіне Шура Кеңесі мүшелерінің бірі жариялаған пәтуаны қолдайтынын білдірген. Аталмыш діни пәтуа қыз-келіншектердің қабір басына баруына рұқсат етеді.
Араб әлемінің көптеген елдерінде нәзік жандылардың туған-туыстарының қабір басына баруларына жария емес тыйым салынғандығы келтірілген. Мұндай шектеу қоюдың себебі – қыз-келіншектер өз қайғысын қатты дауыс шығарып жылап, өздеріне ие бола алмай қалатындығымен түсіндірілген. Сауд шейхы әл-Магамисидің түсіндіруінше, тіпті Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамызға (ол кісіге Алла разы болсын) қабір басына барғанда оқитын дұғаны үйреткен дейді.
asyldin.kz


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

