Жыл басынан бері Меркі ауданында жағдайы төмен отбасыларға мешіт тарапынан қайырымдылық көмек көрсету іс-шарасы атқарылып келген болатын. Сол игі іс әлі де өз жалғасын тауып келеді.
Қиналған жандар амалдың жоғынан көмек сұрап мешітке келгеннен кейін, шамамыз келгенше жәрдем көрсетуіміз керек болады. Меркі аудандық мешітінде жағдайы төмен жиырма отбасына ақпан айында 20 мүшек ұн таратылды.
Бұдан өзге, биылғы жылы қыстың бір шама қатты болғанын білеміз, бұл әрине жағдайы төмен жандарға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы жағдайды ескере отырып жағдайы төмен отбасыларына мешіт тарапынан көмір беріліп, коммуналдық қызмет табиғи газ үшін қарыз болған жанұялардың қарызын түгелдей өтеп берді. Шығын толықтай мешіт қаражатынан жұмсалды.
Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі