Тараз жұртшылығына қуанышты жаңалық! Қала тұрғындарына ерекше дәмді астарымен, келген қонақтарға ерекше қызмет көрсетуімен танымал болған «Киш-Миш» шәйханасы бір айға созылған лаборотиялық қатаң тексеруден кейін барлық ас-ауқат, жеміс-жидек, тағамдық қоспалары, ішкі тазалығы, санитарлық кітапшасы, аспаз бен даяшы киімдері халал стандартына толықтай талапқа сай деп танылды. Аталмыш шәйханаға облыстық мешіттің бас имамы Данияр Әлимұхаммедұлы және ҚМДБ «Халал Даму» ЖСШ-ның облысымыздағы өкілі Нұрматжан Халматұлы арнайы барып, халал сертификатын табыс етті. Адам қарасы үзілмейтін шәйханада арнайы бұйрығы бар намазхана да қарастырылғанын айта кетуіміз керек.