«Һибатулла Тарази» медресесінде фикх, Құран-Кәрім, Ақида және Ислам әдебі сабақтарынан бір ай бойы дәріс тыңдаған 5 адам сынақ тапсырып, Өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлының қолынан діни білімін шыңдағаны туралы арнайы сертификат алды. Өкіл имам оларға дін ілімін үнемі жетілдіріп, шыңдап отырудың пайдасы зор екендігін айтып өтті. Алдағы уақытта асыл дінімізді өркендету жолында аянбай еңбек етулеріне табыс тіледі.
Айта кеткен жөн, «Һибатулла Тарази» медресесі жыл сайын жамағаттың діни сауатын көтеру мақсатында қысқа мерзімді дәрістер ұйымдастырып келеді. Қазіргі уақытта медреседе жамағаттан жалпы 20-ға тарта дәріс тыңдаушы білім алуда.