Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы жылдық жоспарға сәйкес Сортөбе ауылында іс-сапармен болды. Сапар барысында бас имам негізі дүнген ұлт өкілдері мекендейтін елді мекендегі ірі құлшылық орны «Сортөбе» мешітіне ат басын тіреп, жамағатпен жүздесті. Діни рәсімдердің өтелуін, ҚМДБ тапсырмаларының орындалуын, шаруашылық жұмыстарын жіті бақылаған Д.Жандосұлы бесін намазына қатысып, жамағатпен жүздесті. Жамағатпен жүздесу барысында ҚМДБ атқарып жатқан жұмыстар, жаңа бастамалар туралы ақпарат беріп, «Псевдосалафизм-угроза единству» атты тақырыбында насихат айтып, елді ынтымаққа, бірлікке шақырды. Жиналған жамағат өз өтініштері мен сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі