Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы жексенбі күні Жаңатұрмыс және Жамбыл ауыл мешіттерінің жамағаттарымен кездесу өткізді. Жиналған қауымға бас имам «бес нәрсеге асық бол, бес нәрсеге ғашық бол» тақырыбында уағыз айтты. Дәуренбек Жандосұлы кездесу барысында дәстүрлі дінімізге жат теріс ағымдардан аулақ болып, дәстүрлі дұрыс бағытта ұстану үшін ұлттық құндылықтарымызға терең бойлау керектігі тілге тиек етілді.
Ауыл тұрғындары имамға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып жатты. Асыл дініміздің баға жетпес құндылықтарын насихаттаған дін өкіліне ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып тарқасты.
аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі