Аудан имамдарының кезекті жиналысында өкіл имам Д.Ә.Жұмабаевтың жастармен тығыз жұмыс атқару, жат ағымдар жайлы кең ақпарат беру, олардан сақтану шараларын жеткізу және дәстүрлі дініміздің құндылықтарын дұрыс түсіндіру жұмыстарын атқару бойынша берілген тапсырма негізінде Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Бетқайнар ауылындағы №7 кәсіптік колледждің 1-курс студенттерімен кездесуде болды. Кездесу барысында студенттерге деструктивті ағымдардан сақтанудың түрлері, оларды ажырату жолдары турасында әңгіме өрбіді. Елімізде өршіп тұрған жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне де Бас имам ерекше ден қойып, кең ақпарат беріп қайтты.Соңында жастардың әртүрлі сауалдарына жауап берілді.
аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі