Неге биікке көтерілген сайын кеуде қысылады?

Неге биікке көтерілген сайын кеуде қысылады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айтпаса да белгілі. Біздің дем алуымыз – ауадағы оттегінің өкпемізге кіруін қамтамасыз етеді. Ал, биіктеген сайын жер шарының атмосферасы жұқара түсетіндіктен, атмосфераның қысымы мен қан айналымына түсетін оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай түседі де, өкпе қысылады.

Белгілі бір биіктіктен кейін адам баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500 метр биіктіктегі адам дем алудың қиындығынан талып та қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын оттегінің азая түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып отырса, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып кеткен:

﴿فَمَن يُرِدِ ا أَن يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلإِسْلاَمِ وَمَن يُرِدْ أَن يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقاً حَرَجاً كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاء﴾

«Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара жатқандай қысады».

Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегінде төбесіне шыққан адамның кеудесі қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында қалайша бас имессің?!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: